«Маржан-Ана» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Жетісай ауданының «Маржан-Ана» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен –жайы) | ҚР, 160511, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Қалыбеков көшесі № 19/1 үй |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон 8 701 431 9999 электронды поштасы 1marjanana.b.b1@mail.com https://marzhan-ana.bb-edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | «Маржан-Ана» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылтайшысының шешімі бойынша Шиналиева Салтанат Толегенқызы 2012 жылғы 01 наурыздан № 03-01 қ бұйрықпен меңгеруші қызметіне тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 27.10.2011 жылы берілген. БИН 111040018285 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы талон қайта 2015жылғы 05 ақпанынан № KZ49ХХХ00005429 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 25.12.2015 |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік үлгіде |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетінің ұзақтығы – минутпен | 1 Аралас топ-(2-3 жастағы балдар)-күні бойы 1 Аралас топ-(3-4 жастағы балдар)-күні бойы 1 Ересек топ – күні бойы 1 МАДТ тобы –күні бойы |
| 14 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 100 балаға арналған. 13.01.2014 жылы 100 балаға №17-2-5-8 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада заман талабына сай салынған. Балабақша 100 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ 20-25 балаға лайықталған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейінгі уақыт аралығында.
Төрт топ жұмыс жасайды. Аралас «Бөбек» тобы, аралас «Балапан» тобы, «Нұр» ересек топ, «Дарын» МАДТ тобы. Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленеді.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа музыка залы, мед кабинет, асхана жұмыс жасайды. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал – сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, ағаштар, шыршалар егілген. Гүлзарлар жасалған. Ауладағы әр топтың серуендеу аландары әткеншектермен, құмсалғыштармен, төбешіктермен жабдықталған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын күркелер қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші кабинеті;
— Әдістемелік кабинет;
— Педагог-психолог кабинеті;
— Медбике кабинеті.
Қолданыстағы құрал-жабдықтар:
— Теледидар – 4 дана;
— Компьютер – 2 дана;
— Ноутбук — 1 дана;
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.
— Компьютер – 2 дана;
— Ноутбук — 1 дана;
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық», «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітаптар сөресі», «Табиғат бұрышы», дамытушы дағдылар бойынша орталықтар жасақталған.